378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АЭФ: Халықаралық еңбек ұйымының 100 жылдығына арналған конференция өтті

  • 73
  • UPD: 17:57, 16.05.2019

Астана экономикалық форумы аясында халықаралық еңбек ұйымының 100 жылдығына арналған конференция өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиын екі сессияға бөлінген. Мұнда еңбек нарығындағы жаһандық сын-қатерлер талқыланды. Халықаралық конференцияны ашқан вице-премьер Гүлшара Әбдіқалықова елімізде халықаралық тәжірибеге жақындау мақсатында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттары енгізіліп жатқанын атап өтті. Болжам бойынша 2025 жылға қарай Қазақстандағы халық саны 19 миллион 800 мың шамасында болады. Сол кезде жұмыс күшінің саны 9,8 миллион адамға жетеді. Сондықтан орта және жоғары білікті жұмыс орындарының санын 766 мыңға арттыру көзделіп отыр. Айта кетейік, Қазақстан – бұл ұйымға 1993 жылдың 31 мамырынан бастап мүше.

Хабар 24 телеарнасы