378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтардың 33% қолма-қол ақшасыз төлемді пайдаланады

  • 58
  • UPD: 17:56, 16.05.2019

Алдағы 5 жылда электронды экономиканы 5 процентке дейін арттыру арқылы Қазақстандағы жалпы ішкі өнім үлесін 6 млрд долларға жеткізуге болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ бюджетке 3 млрд доллар салық түседі. Астана экономикалық форумына қатысушы ТМД мен Оңтүстік-Шығыс Еуропа аумағындағы Виза компаниясының бас директоры Вера Платонова осылай дейді. Оның ойынша, еліміз – цифрлық экономика қарқынды дамып келе жатқан 30 елдің бірі. Бүгінде халықтың 33 проценті қолма-қол ақшасыз төлемді пайдаланады. Бұл сан әлі де өсері хақ. 

Вера Платонова, ТМД және Оңтүстік-Шығыс Еуропа аумағындағы visa компаниясының бас директоры:

– Ел экономикасында қолма-қол ақшасыз төлемнің артуы мемлекеттің дамуын, халықтың әлеуметтік ахуалының жақсы екенін көрсетеді. Біздің мақсатымыз осы ретте үйлеседі екен. Қазір біз Қазақстанмен осы бағытта етене жұмыс істеп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы