378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде жасыл экономиканы жетік білетін кәсіби мамандар жетіспейді

  • 81
  • UPD: 17:57, 16.05.2019

Жасыл экономика қоршаған ортаны қорғап қана қоймай, адамдардың өмір сүру сапасын жақсартады.

Алайда бізде жасыл экономиканы жетік білетін кәсіби маман жетіспейді. Бүгінде тың технологияны кеңінен қолдану трендке айналды. Жаңа жұмыс орындары ашылды. Алайда маман дайындау ісі кенжелеп тұр. Мәселен, Қазақстанда Жоғары оқу орындарын бітірген 130 мыңнан астам студенттің тек 546-сы ғана экологиямен байланысты мамандықта білім алған. Бұл туралы Астана экономикалық форум аясында Жасыл өсім үшін инновациялық экожүйелерді құру: ғылым, білім және технологиялар тақырыбындағы панелдік сессияда айтылды. Жиында Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы Президиумының төрағасы Әлия Назарбаева экология туралы түсінікті адамға мектеп кезінен бастап сіңіру керектігін атап өтті. Жиын барысында халықаралық және отандық сарапшылар жасыл технологияға қатысты стартаптар мен шығармашылық жұмыстарды шолып, оларды жүзеге асырудың жолдарын талқылады.

Хабар 24 телеарнасы