378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан бойынша 12 арнайы экономикалық аймақ бар

  • 60
  • UPD: 17:59, 16.05.2019

Сауда-саттық рәсімдерін жеңілдетіп, кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру қажет.

Астана экономикалық форумы аясында бас қосқан кеден саласының мамандары осылай дейді. Осымен екінші күн қатарынан еркін экономикалық аймақ сарапшыларының отырысы өтіп жатыр. Оған дүниежүзілік кеден ұйымының қырыққа жуық өкілдері, Еуропалық комиссия, еліміздің еркін экономикалық аймақ операторларының өкілдері қатысуда. Сарапшылар, кедендік бақылауды әкімшілендіру мәселесін тілге тиек етіп, пікір алмасты. Айта кету керек, ТМД мемлекеттері арасында Қазақстан жоғарғы жетістіктерге жеткен елдер қатарында. Қазірде еліміз бойынша 12 арнайы экономикалық аймақ бар. Олар бизнестің дамуына зор мүмкіндіктерге жол ашқан.

Ғабит Оразов, Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:

– Жалпы кеден саласына әлемнен алатын тәжірибе көп. Ішінде қолайлысын қолдану үшін мемлекеттік кірістер комитетімен нақты жұмыстар атқарылады деп ойлаймын. ЕЭО кедендік одақ елдерінің бағыты біркелкі болып келеді. Одан бөлек Грузия, Малайзия елінікі қызықтау көрінді. Себебі Грузия елінде 40-тан астам АЭА бар екен.

Хабар 24 телеарнасы