379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асқар Мамин: Жаңа белестерді бағындыруымыз керек

  • 62
  • UPD: 20:44, 16.05.2019

Еңбек өнімділігін арттыру және жұмыс орындарын көбейту – инклюзивтік саясаттың маңызды бөлігі.

Бүгінде бұл мақсатқа қол жеткізу үшін Орталық Азия және Кавказ елдері белсенділік танытуда. Сарапшылардың пайымдауынша, 2014 жылдан бері кедейшілікті қысқарту үрдісі баяулап кетті. Сондықтан халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін инклюзивтік өсуді қамтамасыз ету қажет. Осы саясат еңбек нарығындағы жұмыс орындарының көптеп ашылуы мен шетелдік инвестицияларды тартуды көздейді. Адамзат үшін маңызды бұл мәселелер Кавказ және Орталық Азия елдері, Моңғолия және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орталық банктерінің басшылары мен қаржы министрлерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында талқыланды.

Асқар Мамин, Қазақстан Республикасының премьер-министрі:

– Бұл дөңгелек үстелде жаңа мүмкіндіктерге қол жеткіземіз. Бүгінде әлем мемлекеттерінде экономикалық өсім байқалады. Біздің елде де өсім байқалады. 2018 жылы Қазақстанда экономикалық көрсеткіштер айтарлықтай артып, 4,1 процентті құрады. Дегенмен мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Жаңа белестерді бағындыруымыз керек.

Хабар 24 телеарнасы