378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-Самара арасындағы жүк көліктерінің кептелісі сейіледі

  • 84
  • UPD: 23:06, 16.05.2019

Осыған дейін Батыс Қазақстан облысы мен Ресейдің Самара губерниясы арасындағы жүк көліктерінің кептелісі туралы көрсеткен едік.

Енді шекарадағы ұзын-сонар кезектің қарасы сейілетін болды. Қазіргі екі жолақтың орнына 8 жолақты жол салу жоспарланған. Одан тыс, жолаушыларға демалыс аймағын жасау, шекарашылар үшін қажетті түрлі қызметтік ғимараттар тұрғызу, түрлі абаттандыру жұмыстарын жүргізу көзделген. Ол үшін ел қазынасынан 2 миллиардтан астам теңге бөлінген. Мамандардың айтуынша, енді екі ел арасындағы тауар тасқыны молайып, шекараны кесіп өтуші азаматтардың уақыты үнемделеді, өңірдің транзиттік әлеуеті артады.

Хамзат Сұлтанов, «Қазавтожол» ҰК» АҚ БҚО филиалы директорының орынбасары:

– Қазіргі кезде құрылыс қызу жүріп жатыр. Барлық қажетті инертті материалдар 100% дайын. Өткізу бекетін қазан айында пайдалануға беру жоспарда. Нәтижесінде мұнда көлік тасқыны екі есе көбейеді. Егер бүгінде тәулігіне 2 мың жарымдай көлік өтіп жатса, жаңғырту жұмыстарынан кейін екі жақтан күніне 5 мың автомобиль шекара аса алады.

Хабар 24 телеарнасы