379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


70 мың қазақстандық мемлекеттік қызметкер кибершабуылдан сақтандырылған

  • 79
  • UPD: 23:00, 16.05.2019

Астана экономикалық форумының панелдік сессиясына арқау болған тағы бір тақырып – ақпараттық қауіпсіздік, кибер қылмыстың алдын алу.

Мамандар сандық технологияларды дамыту үшін білікті кадрлар дайындау қажеттігін айтады. Бұл тарапта мемлекет қажетті мамандар даярлауға грант санын бірнеше есе арттырған. Ал биыл 70 мың қазақстандық мемлекеттік қызметкер кибершабуылдан сақтандырылған. Бұл құпия деректерді қорғап, олардың бей-берекет таралуына тосқауыл болады. 

Асхат Оразбек, ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсіп министрінің орынбасары:

– Ақпараттық қауіпсіздікті күшейту мақсатында мамандарды даярлауға бөлінген білім гранттарының көлемі 11 есеге ұлғайды. Яғни 60-тан 674-ке дейін көбейді. Бұл да аздық етіп отыр. Осы бағытта әлі де болса, жұмыс істеу керек.

Хабар 24 телеарнасы