379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана экономикалық форумы екінші жұмыс күнін бастайды

  • 49
  • UPD: 11:28, 17.05.2019

Экономикаға серпін беретін, бизнестің тынысын ашатын Астана экономикалық форумы бүгін екінші жұмыс күнін бастайды.

Ауқымды тақырыпқа алаң ұсынып, терең мазмұнға мән берген басқосу аймақтық макроэкономикалық даму, болашақтың қаласы, технологиялық өсім, адами капитал төңірегінде ой өрбітетіні анық. Мысалы, кеше сарапшылар, Ақпараттық қоғамды дамытудан цифрлық трансформацияға көшетін уақыт жетті десті.  Алдағы 5-10 жыл көлемінде қаладағы өмірді осы бағытқа бейімдеу қажет екенін атап өтті. 12 рет ұйымдастырылған Астана экономикалық форумының сарапшылары цифрлық экономика мен цифрлық мемлекет құруға кейбір мәліметтердің әсер ететіндігін алға тартты. Әрине ІТ-саласында озық ойлы кадрлар даярлау қажет екені де тілге тиек болды.

Александр Петров, еуразиялық экономикалық комиссия минстрінің көмекшісі:

- Қазір  цифрлық трансформация біздің өмірімізге еніп бара жатыр. Бұл әлеуметтік трансформацияны білдіреді. Біз байлық негізі ретіндегі капиталдан мәліметтерге, ақпаратқа көшіп жатырмыз. Дамыған мемлекеттерде бұл көш ілгері.

Хабар 24 телеарнасы