387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


XII Аcтана экономикалық форумының екінші күні кең ауқымда өтіп жатыр

  • 295
  • UPD: 10:43, 17.05.2019

Астана экономикалық форумының екінші күніне ойысақ. Елорда бұл күндері мазмұнды сұхбат алаңына айналғанын мамандар айтуда.

Өздеріңіз көріп отырғандай форум бүгін де кең ауқымда өтетін болады. Оған күмән жоқ. Еліміздің ғана емес, әлем сахнасындағы тарихи шараның куәсі болуға асыққан халықтың қарасы қалың. Олар таңғы 7-ден тіркеуден өтіп, қажет деп санаған орындарына жайғасуда. Жылдағыға қарағанда, биыл таңдау көп. Бақандай 50 сессия жұмыс істеп тұр.  Тақырып та сан қырлы. Адами капиталдан бастап, дамудың даңғыл жолдары түгел қаралуда. Оған кешелі бері өздеріңіз қанықсыздар.

Бір айтарым, Астана экономикалық форумы үлкен бастамаларға, келелі келісім, сүбелі серіктестікке негіз болады. Форум спикерлері елімізге жай келмеген. Олар жарқын болашаққа бастар қадамды қамдамақшы, қордаланған түйткілді бірге шешіп, 13 форумға дайындығын пысықтамақ ниетте.

Хабар 24 телеарнасы