378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ қабылдаған Тұрақты даму саласындағы күн тәртібі АЭФ-те талқыланды

  • 71
  • UPD: 14:49, 17.05.2019

Төрт жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған Тұрақты даму саласындағы күн тәртібі Астана экономикалық форумында талқыланды.

Айту керек, 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтитын бұл бағдарлама 17 мақсатты көздейді. Оның ішінде адами капитал мен жасыл экономиканы дамыту секілді мәселелер қарастырылған. Алқалы жиын алаңында сан тараптан келген сарабдал сарапшылар денсаулық сақтау, азық-түлік қауіпсіздігі, гендерлік теңдік, білім беру сынды салаларда жеткен жетістіктерімен һәм тәжірибелерімен бөлісті. Осы орайда Қазақстанның да алдында маңызды мақсат-міндеттер тұр. Мәселен, 2020 жылға дейін баламалы энергия көздерінің үлесін 3 пайызға жеткізіп, тұрмыстық қалдықтарды жою жұмысын жетілдіру үшін полигондардың санын азайту.

Салтанат Рахымбекова, «Жасыл экономика Және G-Global-ды дамыту коалициясы» зтб басқарма төрайымы:

- 2030 жылға дейін бұл бағдарлама қабылданды. Биылғы осы маусым айында біздің еліміз БҰҰ алаңында елімізде өткізіліп жатқан жұмыстарды, жетістіктерді, оның ішінде жақсы орын алатын үкіметтік емес, ұйымдардың үлесі туралы да үлкен есеп беру туралы ұсыныс бердік. Өйткені біраз жұмысты атқарып тастаған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы