379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі АЭФ аясында конференцияға қатысты

  • 46
  • UPD: 15:19, 17.05.2019

Халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын билік құру үшін мемлекеттік қызметкерлердің мәдениетін өзгерту қажет.

Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ Елшісі біздің арнаға берген сұхбатында айтты. Уильям Мозер Астана экономикалық форумы аясында өткен «Көшбасшылар трансформациясы» атты жаһандық конференцияға қатысып, басқа да сарапшылармен бірге «кәсіби басшыдан гөрі стратегиялық әрі инновациялық ойлау қабілеті бар мемлекеттік қызметкерді тәрбиелеген жөн» деген пайымға келді. Осы орайда еліміздегі мемлекеттік қызмет жүйесі соңғы 20 жылда айтарлықтай түрленгенімен әлі де жетілдіру керек тұстары бар дейді америкалық дипломат. Айта кетейік, Уильям Мозер 1996-1999 жылдары да Қазақстанда дипломатиялық миссиясын атқарған.

Уильям Мозер, АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі:

- 1999 жылы Қазақстандағы димпломатиялық миссиям аяқталғанда бұл елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы қандай күйде болғаны есімде. Ақиқатын айту керек, 20 жылда Қазақстан үлкен экономикалық серпіліс жасады. Қазіргі кезде мемлекет пен халық арасында жаңа қарым-қатынас түрі дамып келе жатқанын байқауға болады. Десе де, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі трансформацияны жалғастыра беру керек.

Хабар 24 телеарнасы