379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында 9 млрд АҚШ долларын құрайтын келісімдерге қол қойылды

  • 103
  • UPD: 19:15, 17.05.2019
Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында 9 млрд АҚШ долларын құрайтын келісімдерге қол қойылды

Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында құны 9 млрд АҚШ долларын құрайтын келісімдерге қол қойылды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен өткен «Kazakhstan Global Investment Rountable» дөңгелек үстелінде құны 9 млрд АҚШ долларын құрайтын келісімдерге қол қойылды.

KGIR-2019 қазақстандық және шетелдік инвесторлар үшін маңызды инвестициялық оқиғалардың бірі бола отырып, өз алаңында 1100-ден астам ірі әлемдік және қазақстандық компаниялардың басшыларын, халықаралық сарапшылар мен мемлекеттік ұйымдардың өкілдерін жинады. Олардың ішінде 600-ден астам 41 елден келген қонақтар, сондай-ақ «Cisco», «Nokia», «CITIC Bank Corporation», «WILO SE Group», «AGCO Corporation», «Valmont Industries», «Tyson Foods», «Yildirim Group» және тағы басқа ірі компаниялардың топ-менеджерлері бар.

Іс-шара барысында қатысушылар жалпы құны 8,9 млрд АҚШ долларын құрайтын 45 коммерциялық келісімдерге қол қойылды.

АЭФ-тің бүгінгі сессиясының қорытынды брифингінде біршама инвестициялық келісімдерге қол қойылады. Атап айтқанда, тың меморандумдарға сәйкес, Ресейлік компания Түркістанда 500 гектарлық жылыжай салуды көздесе, Түркиялық «Yildirim Holding» компаниясы Жамбыл облысында кальций қосылған сода зауытын тұрғызбақ.

Сол секілді ресейлік АЕОН корпорациясы Ақтөбе қаласындағы әуежайды қайта жөндеуден өткізбек.

Газ-химия саласында Маңғыстау облысының әкімдігі мен «Westgasoil» компаниясы (Сингапур) метанол және олефиндерді өндіру жобасын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Жобаны жүзеге асырылуы химия өнімдердін өндіруін орналастырып, елдің газ-химия кешенін дамыту арқылы импорт алмастыруды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, білім беру саласында еліміздің үш аймағы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында сингапурлық инвестор (Kinder World) «Білім метрополисін салу - мектеп, колледж, университет» жобасының жол картасына қол қойды. Жақын арада Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық мектептер желісі, колледж және білім беру кешені салынады.

Бұдан бөлек, деректер орталықтарының құрылысы және Қазақстанда 5G жобасын іске асыру секілді жобалар бойынша келісімдерге қол жеткізілді.

ҚР Премьер-министрі А.Маминнің айтуынша, инвестициялар - Қазақстан дамуының басты факторы. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан экономикасына 300 млрд АҚШ доллардан астам инвестициялар құйылды.

Хабар 24 телеарнасы