389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: АХҚО қаржы көпіріне айналуы мүмкін

  • 299
  • UPD: 23:47, 17.05.2019

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Шығыс пен Батысты байланыстырып, экономикалық дамуға ықпал етуі тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы орайда елордалық хаб келешекте Орталық Азия, Күнгей Кавказ және Ресей елдері арасында қаржы көпіріне айналуы мүмкін. Бүгін бұл туралы Астана экономикалық форумы аясында өткен пленарлық сессиялардың бірінде БҰҰ Азия жәнеТынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның департамент директоры Хамза Әли Мәлік мәлімдеді. Оның айтуынша, Еуразия үшін өңірлік интеграция маңызды сұрақ болып қала бермек. Бұл ретте Қазақстанның рөлі маңызды.

Хамза Әли Мәлік, БҰҰ АТМЭӘК Дамытуға арналған макроэкономикалық саясат және қаржыландыру департаментінің директоры:

- Бүгінде нарықтық бәсекелестік елдер арасында емес, қаржы орталықтары, яғни хабтар арасында өтіп жатыр. Сондықтан «Астана» халықаралық қаржы орталығы – біз үшін аса маңызды серіктес. Бүгінде біздің ұйым Қазақстанның мемлекеттік органдарымен тығыз қарым-қатынас орнатып отыр. Сол себепті біз өзара бірлесе отырып, инфрақұрылымдық қаржыландыруға қатысты жобаларды іске асырпақпыз.

Хабар 24 телеарнасы