379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелдік сарапшылар логистика саласындағы Қазақстанның рөлін атап өтті

  • 141
  • UPD: 13:52, 18.05.2019

Бельгияның Антверпен қаласында өткен конференцияда Жібек Жолы арқылы Еуропада Азияға жүк тасымалдау мүмкіндіктерін қарастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеден қызметі мен логистикалық компаниялардың мамандары екі аймақ арасында тауар жеткізуге қатысты мәселелерді талқыға салды. Сарапшылар осы бағдардағы ірі көлік-тасымал хабы ретінде Қазақстанның артып жүрген рөлін ерекше атап кетті. Сондай-ақ Еуразия құрылығының Шығыс пен Батыс бөліктерін жалғайтын теміржол жобасына нарықтағы сұраныс елеулі өскені байқалып тұр.

Илья Горбунов, «Gefco» компанииясының менеджері /Нидерланд/

– Транзит бойынша Қазақстанның орны маңызды. Компаниямыздың статистикасына жүгінсек, «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы бойынша тасымаладанатын жүгіміздің  70 проценті Қазақстан аумағы арқылы өтеді.

Эллен Теувес, «Аhlers» компаниясының логистика бойынша директоры /Бельгия/

– Жаңа Жібек Жолы мен «Бір белдеу, бір жол» жобасын тілге тиек етсек, Азия бізге жақындағанын сезіп отырмыз. Қазақстанда көлік-тасымал саласы дамып келеді және осы бағытта ынтымақтасуға зор мүмкіндіктеріміз бар. Бүгінде Еуроодақ екі аймақ арасында өзара байланысқа көзқарасын жаңғыртып жүр. Азия, Ресей және Еуроодақпен жақсы қарым-қатынасы қалыптасқан Қазақстанның Еуропа мен Азия арасын байланыстыратын рөлі артуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы