383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысы тіркелген ШОБ саны жөнінен екінші орында тұр

  • 123
  • UPD: 19:35, 18.05.2019

Түркістан облысында 135 мың шағын және орта бизнес нысаны тіркелген. Бұл республика бойынша екінші көрсеткіш.

Былтыр аймақта 10 ірі жоба іске қосылды. Олардың арасында құрғақ сүт өндіретін зауыт пен пластик бөтелкелер шығаратын өндіріс ошағы да бар. 

Түркістанда жүздеген көп қабатты үй мен әлеуметтік нысандар бой көтеріп жатыр. Құрылысқа негізінен қаланың индустралды аймағында өндірілетін отандық өнімдер қолданылады. Жуырда мұнда темірбетон бұйымдарын өндіретін жаңа зауыт пайда болды. Бұл өндіріс орны құрылыс кәсіпорындарын өнімдердің бірнеше түрімен қамтамасыз етіп отыр. 

Мұхтар Ақылбеков, зауыттың өндіріс басшысы:

- Перемычка, кольца, тауарлы бетон сияқты 6 өнім шығарылады әзірге. Мына салынып жатқан шағынаудандарға, Қызылорда облысының, Шиелі, Жаңақорған аудандарына, Кентау қаласына сатып жатырмыз. 

Түркістандағы құрылыстың өрістеуі кәсіпорын өнімдеріне деген сұранысты күшейтті. Мердігерлер жергілікті өнім саналатын бетон плиталар мен жабындарға кезекке тұратын болған. Шикізатқа келсек, цемент пен темір арқаулар Шымкенттен әкелінеді. Ал қиыршық тас қала маңынан қазып алынады. Зауытта 42 адам еңбек етеді. Олар тәулігіне 400 шаршы метр бетон бұйым өндіреді.

Амангелді Рыспамбет, жұмысшы:

- Мен бұл жерде 2012 жылдан бері жұмыс істеп келе жатырмын. строй-сервис жұмысында. арматурщикпін. Темірбетон плитаны құюға құрал-саймандар дайындап береді бұл бөлім. Айлығымыз уақтылы.

Түркістан индустриалды аймағында 14 кәсіпорын жұмыс істейді. 2018 жылы олар 3 жарым миллиард теңгенің өнімін өндірді. Облыста жалпы саны 135 мың шағын және орта бизнес нысаны тіркелген.

Самат Көшкінбай, облыстық кәсіпкерлік және иид басқармасының бөлім басшысы:

- 2018 жылдың қорытындысы бойынша 200 мыңнан астам жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп отыр шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері. сонымен қатар олардың өндірген өнім көлемі 495 млрд теңгені құрады. Бүгінгі таңда шағын және орта кәсіпкерлік үшін қаржылай қолдау қолжетімді.

Биыл кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында өңірде құны 14 миллиард теңге болатын 19 ірі кәсіпорынның құрылысын бастау көзделіп отыр. Осы арқылы мыңнан астамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады дейді мамандар. 

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Рауль Габитов

Хабар 24 телеарнасы