389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысының әкімдігі мен АХҚО меморандумға қол қойды

  • 372
  • UPD: 22:02, 18.05.2019

Маңғыстау облысының әкімдігі Астана халықаралық қаржы орталығымен меморандумға қол қойды.

Енді мұнайлы өлке инвесторлармен халықаралық құқық қағидаттары бойынша жұмыс істейтін болады. Мұндағы басты мақсат - елордалық хаб қатысушыларын өңірдің экономикасына инвестиция құюға шақыру арқылы аймақтың экономикалық әлеуетін арттыру. Нұр-сұлтан қаласында «Global Silk Road Mangystau invest 2019» халықаралық форумы өтіп, оның нәтижесінде Маңғыстау облысында құны 250 млн АҚШ долларын құрайтын екі инвестициялық жобаны іске асыру бойынша келісім жасалды.

Ералы Тоғжанов, Маңғыстау облысының әкімі:

- Бүгін 3 компаниямен 250 млн долларға келісім-шартқа отырамыз. Бұл тек Маңғыстау облысы ғана емес, бүкіл Қазақстанның экономикасы деп айтуға толық негіз бар. Екіншіден, бұл жұмыс орындары, мүмкіндіктер. Сондықтан осы мүмкіндіктердің бәрін пайдалануымыз керек. Әсіресе әлеуметтік сұрақтарды шешуге бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы