383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында «Еңбек» бағдарламасы аясында ауыл халқына 5 млрд теңге беріледі

  • 140
  • UPD: 13:07, 20.05.2019
Алматы облысында «Еңбек» бағдарламасы аясында ауыл халқына 5 млрд теңге беріледі

Алматы облысына «Еңбек» бағдарламасы аясында 6 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Оның басым бөлігі, яғни 5 млрд теңгесі ауыл тұрғындарына, көп балалы және әл-ауқаты төмен отбасыларға шағын несие ретінде беріледі. Ал «Бастау» жобасымен 1 жарым мың адам кәсіпкерліктің негізін оқып, білім алады. Сонымен қатар, бизнес идеяларды қолдау үшін грант беру мәселесі де қарастырылып отыр.

Бақыт Жақсыбаева, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

- 651 грант қарастырылған. 100АЕК көлемінде. Қазіргі кезде оларды алып жатыр. Бүгінгі күні 88 берілген. 200 грант ережеге өзгеріс енгізілгеннен кейін беріледі.

Хабар 24 телеарнасы