383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А. Мамин АЭА және индустриялық аймақтарды дамытудың үш жылдық стратегиясын әзірлеуді тапсырды

  • 175
  • UPD: 14:06, 21.05.2019

Үкімет басшысы Асқар Мамин елімізде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамытудың үш жылдық стратегиясын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған сәйкес аймақтарға халықаралық тәжірибесі бар басқарушы компаниялар тартылады. Бүгінде аймақтар құйылған жеке инвестиция мен экспортты ілгерілетуде өзіндік тиімділігін дәлелдеген. 12 арнайы экономикалық аймақтың аумағында 183, ал 24 индустриялық аймақта 168 өндіріс іске қосылды. Тартылған инвестицияның көлемі 1 трлн теңгеге жуықтайды. Дегенмен кейбір облыстарда жұмыс баяу жүріп жатыр. Бұл жақында қабылданған заңның дұрыс орындалмауына байланысты. Нәтижесінде басқарушы компаниялар өз міндеттерін тиянақты атқара алмай келеді.

Жеңіс Қасымбек, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

– Аймақтардың көбінде басқарушы компаниялардың жұмысы жоғары деңгейде емес. Олардың өз шығындарын төлеуге шамасы жоқ. Сондықтан тек облыстық бюджетке қарап отыр. Тиімді басқарушы компанияларды тарту бойынша неғұрлым белсенді жұмыс жүргізу керек. Ол әкімдіктердің міндеті деп санаймыз. Жаңа заң шықты, облыстар жоғары көрсеткіштерге жету керек.

Хабар 24 телеарнасы