389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қаржылық бұзушылықтарға тікелей жауаптыларды қатаң жазалау керек - Наталья Годунова

  • 382
  • UPD: 15:22, 21.05.2019

Бюджет қаржысын тиімсіз игерген лауазымды тұлғаларды қатаң жауапкершілікке тарту керек. Өткен жылғы республикалық бюджеттің атқарылуын таныстырған Есеп комитетінің төрайымы осылай деді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сенатта өткен отырыста Наталья Годунова қаржылық бұзушылықтарға тікелей жауапты адамдардың көбіне жауакершіліктен сытылып кететінін айтты. Олар өз еріктерімен қызметтен кетіп жатады немесе қол асындағы адамдарға тәртіптік шара қолданады. Ал өздері ешқандай жауапкершілікке тартылмайды. Сондықтан Есеп комитетінің төрайымы «қолданыстағы заңға міндетті түрде өзгеріс енгізу қажет» деп отыр.

Наталья Годунова, Есеп комитетінің төрайымы:

- Сапасыз бюджеттік шешімдер 2018 жылы 138 млрд теңге тиімсіз шығыстарға әкеп соқтырды. Оның ішінде 26 млрд теңге қаржылық бұзушылықтарға тиесілі. Бұл ретте, әдеттегідей қаржылық бұзушылықтардың 90% жуығы бухгалтерлік есептілік саласындағы кемшіліктер. Аудит қорытындысы бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасының 100% өтеліп, қалпына келтірілгенімен, жіберілген бұзушылықтар үшін дербес жауаптылық туралы мәселе өзекті болып қалуда.

Хабар 24 телеарнасы