383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қаржылық секторды реттеудің жаңа органы құрылады

  • 101
  • UPD: 15:55, 22.05.2019

2020 жылдың басында елімізде қаржы нарықтарын реттеу мен дамыту мақсатында тағы бір орган құрылмақ.

Яғни Ұлттық банктің жұмысы қайта ұйымдастырылып, тәуелсіз агенттік пайда болады. Ұлттық қаржы институтының кейбір қызмет түрлері осы жаңа ұйымға беріліп, 500-ге жуық банк маманы агенттікте жұмыс істейді. Ауқымды шаралар жоспары Мәжілісте қаралды. Мәжілісте жаңа заң жобасының негізгі мақсаты – қаржы нарығын реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын бөлу. ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаевтың айтуынша, заң жобасы негізінде екі бағытта жұмыс атқарылады. Алғашқысы бойынша қаржы нарығын реттеу үшін жаңа орган құрылады. Агенттік 2020 жылы жұмысын бастамақ. Оның бас кеңсесі Алматы қаласында орналасады. Кейін оны Нұр-Сұлтан қаласына көшіру мәселесі де қарастырылмақ. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің сөзінше, жаңа мекеме банктік секторға жаңашылдықтар енгізіп, тәртіп орнатады.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Бүгін еліміздің әлеуметтік-экономикалық бағытын күшейту үшін тағы бір нақты қадам жасалынды. Себебі, осы заң жобасы бойынша елімізде қаржы нарығын реттейтін жаңа мемлекеттік орган құрылатын болады. Ол барлық қаржылық қызметтерді тиімді жүзеге асыруға жол ашады.

Хабар 24 телеарнасы