378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ерболат Досаев: Ақша-несие саясаты тұрақты

  • 140
  • UPD: 15:46, 22.05.2019

Нарықтағы қаржы саласындағы кәсіби сарапшылардың пікірінше, еліміздегі ақша саясаты тұрақты сипатқа ие.

Сала мамандарының бұл пайымымен еліміздің бас қаржыгері келісетінін жеткізіп, алдағы уақытат елімізді теңгенің құнсыздануы болмайтынын сендірді. Ұлттық банк төрағасының айтуынша, Қазақстандағы ақша-несиелік саясат алаңдаушылық тудырмайды. «Сондықтан алып-қашпа әңгімелер шындыққа сәйкес емес», – дейді қаржыгер.

Ерболат Досаев, ҚР ұлттық банкінің төрағасы:

- Еліміздегі бағамдық саясат тұрақты сипатқа ие. Қазіргі таңда мұнай бағасына қатысты өзгерістер орын алып жатқаны белгілі. Десе де 2015 жылы белгіленген курстық саясат елімізде тиісті деңгейде жүзеге асырылуда. Осы жылдың төрт айындағы қорытынды бойынша инфляция 4,9 процентті құрады. Біздің ел қаржы нарығындағы қажетті дәліздің аумағында екенімізді айтқым келеді.

Хабар 24 телеарнасы