389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ерболат Досаев: Ұлттық банк таратылады

  • 460
  • UPD: 16:47, 22.05.2019
Ерболат Досаев: Ұлттық банк таратылады elorda.info

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Аталған заң жобасын таныстырған Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Ұлттық банктің таратылып, оның орнына Қаржы нарықтарын реттейтін агенттік құрылатынын мәлімдеді.

«Ұлттық банк таратылып, оның орнына жаңадан Қаржы нарықтарын реттейтін агенттік құрылады. Өкілеттіктер Ұлттық банктен жаңа органға беріледі.Оның қызметі, өкілеттіктері, штаты туралы заң жобасында нақты көрсетілген. Бүгінгі штаттағы 500 адам жаңа құрылымның қарамағына көшеді», - деп түсіндірді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, жаңа агенттікті құруға 10 млрд теңге қаражат жұмсалады. Аталған заң қабылданған соң, агенттік құрылып, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істеуге кіріседі.

 

Хабар 24 телеарнасы