383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда туризмді дамытуға арналған ақпараттық тур басталды

  • 186
  • UPD: 17:43, 22.05.2019
Қазақстанда туризмді дамытуға арналған ақпараттық тур басталды Zakon.kz

Ішкі туризмді дамыту үшін елімізде алғаш рет ақпараттық тур басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сапар мамырдың жиырмасы мен отызы аралығында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында өтпек. Он күндік турға 12 туристік компания қатысады. Өкілдері шипажайлар мен демалыс орындарын аралайды. Әзірге Бурабай мен Зерендіде болған. Екі күннің ішінде отандық операторлар мен шипажайлар арасында 180-ге жуық келісімшарт жасалды. Ақпараттық тур мүшелері енді оңтүстік өлкедегі Сарыағаш елді мекеніне аттанды. Жалпы сапар барысында арнайы материалдар әзірленіп, демалыс аймақтары халық арасында кеңінен насихатталмақ. Атап өтейік, былтыр шекара аспай, елімізде демалғандардың саны 7 процентке өскен. Тек өзімізде емес, туризмді шетелдіктерге де жарнамалау өзекті болып тұр.

Ая Құсайынова, ұлттық туризм индустриясы қауымдастығының басшысы:

– Қазақстанды жан-жаққа жарнамалау керек. Қазақ туризмге де, министрлікке де ұсыныс жасағанбыз. Туристер келген сайын инфрақұрылым да жөнделеді. Сервис деп жатырсыздар, олар да көтеріледі.

Хабар 24 телеарнасы