384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның қор нарығы бірқатар елді басып озды

  • 713
  • UPD: 23:37, 22.05.2019

Қазақстанның қор нарығы бірқатар көрсеткіш бойынша Австрия, Венгрия, Румыния мемлекеттерін басып озды.

Ал «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасы шетелдік инвесторлар тартуда әлем бойынша 51-орынға дейін көтерілді. Былтыр ел Парламенті қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізіп, құнды қағаз нарығындағы шектеулерді 20 процентке азайтқан. Осыдан кейін отандық қор нарығына инвесторлар көптеп келе бастаған. 

Есжан Біртанов, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары:

– Қазақстанда өз-өзіне жеткілікті көлемде қор нарығын құру өзекті болып табылады. Қор нарығы – экономиканың ұзақ мерзімді, орнықты өсу үшін инвестициялар тарту көзі болуға қабілетті. Халықта жинақтаған ақшасын банктердің депозиттерінде немесе шетелдік валютада ғана емес, сондай-ақ түрлі бағалы қағаздарға инвестиция салу мүмкіндігі болуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы