378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Стефан Ван Доорслаер: Қазақстан Азия мен Қытай, Ресей мен Еуропаны жалғап тұрған көпір іспетті

  • 156
Стефан Ван Доорслаер: Қазақстан Азия мен Қытай, Ресей мен Еуропаны жалғап тұрған көпір іспетті

Бельгияда «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясында серіктестікті дамыту бойынша конференция өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлем экономикасы мен халықаралық сауданың жаһандануы жеке елдермен қатар бүкіл дүние жүзінің тұрақты дамуына маңызды рөл атқарып жүр. Осы басқосуға қатысқан еуропалық бизнесмендер мен сарапшылар осындай пікір білдірген. «Бір белдеу, бір жол» жобасы Шығыс пен Батыстағы бірнеше ондаған мемлекеттің қатысуымен экономикалық дәліздерді құруды қарастырып отыр. Осы елдерде әлем халқының жартысынан көбі тұрады және дүниежүзілік өнімнің үштен бірі өндіріледі. 

Стефан Ван Доорслаер, «Ahlers» компаниясының бас директоры:

– Еуропа Орталық Азияның зор әлеуетіне көзін ашып отыр. Бұрын Еуроодақ ішінде сауда жасасақ, қазір айналамыздағы елдерге қарайтын болдық. Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірыңғай кеден одағы құрылғандықтан, Орталық Азия нарығына кіру жеңілдеді. Еуропалықтар осы нарықтың маңызын түсіне бастады, бүгіннің өзінде Қазақстанда жұмыс істеп жатырмыз, Өзбекстан шекараларын аша бастаған, Қытайдан Еуропаға көп тауар жеткізілетін болды. Ежелде тап осы аймақ арқылы сауда жолдары өткен. Қазір Қазақстан бір жағынан Азия мен Қытай, екінші жағынан Ресей мен Еуропаны жалғап тұрған көпір іспетті.

Хабар 24 телеарнасы