389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында жас кәсіпкерлерге қайтарымсыз грант берілді

  • 394
  • UPD: 07:50, 26.05.2019

Қарағанды облысының Ақтоғай ауылында жас кәсіпкерлерге қайтарымсыз грант берілді.

150 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейінгі көмек қаржыны енді олар қайда жұмсамақ, жұртты қандай жобалармен қызықтырды? 

Ең жоғарғы 500 мың теңге грантты алғандардың бірі Әсем Ақпанбаева. Жас кәсіпкер бұл қаржыға заманауи GPS-навигатор сатып алмақшы. Айтуынша, оны түрлі салада қолдануға болады екен. Жоба Ақтоғай өңірінде тұңғыш рет жүзеге асқалы отыр.

Әсем Ақпанбаева, жас кәсіпкер:

- Жылқыларға қоямыз. Соткаңызға жылқылардың қайда тұрғаны автоматты түрде келіп тұрады. Счетчиктарға тоқтың, судың қоясыз, автоматты түрде соткаңызға белгіленген уақытта, өзіңіз қойған показания бәрі келіп тұрады. Ауылшаруашылығы мақсатында жерлерге қойылады, жердің ылғалдылығын анықтап тұрады. Егер егістік жерлеріңіз құрғап бара жатса, соткаңызға автоматты түрде ақпарат келіп тұрады.     

Бұл күні көмек қаржыны 14 пен 29 жас арасындағы 13 кәсіпкер алды. Жастардың бизнес жобалары түрлі саланы қамтиды. Кірпіш құятын цех, қаз шаруашылығы, наубайхана, сұлулық салоны, аяқ киім жөндейтін шеберхана, мұның бәрі алдағы бірер жылда алақандай ауылда жүзеге аспақ. Серікбол Әбдібеков өткен жылы грант алып, автокөлік жөндейтін орталық ашқан. Биыл тағы 400 мың теңге берілді, енді ол қаржыға кәсібін кеңейтпек. 

Серікбол Әбдібеков, жас кәсіпкер:

- Ол ақшаға мен автокөлік жуу орталығын ашам ба деген ойым бар. Амандық болса соны ашамын. Аппараттарын аламын, керек-жарақтарын аламын. Құрал-саймандар аламын.  

Грантқа үміткер жобалар қатаң сүзгіден өтеді. 2014 жылдан бері 5 мың адам бағын сынапты. Нәтижесінде 1600 жоба жүзеге асқан.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин

Хабар 24 телеарнасы