389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысы Ресеймен 1 млрд 200 млн АҚШ долларына сауда-саттық жасаған

  • 413
Ақтөбе облысы Ресеймен 1 млрд 200 млн АҚШ долларына сауда-саттық жасаған

Былтыр Ақтөбе облысы көршілес Ресеймен 1 миллиард 200 миллион АҚШ долларына сауда-саттық жасаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жалпы көлемнің шамамен төрттен бір бөлігіне сай. Екі ел арасында бірінші кезекте ауыр өнеркәсіп өнімдері жүрсе, соңғы жылдары шағын және орта бизнестің де өркендеп тұрғандығы байқалады. Мәселен Ақтөбедегі ұн және ұн өнімдерін шығарушы кәсіпорын алдағы уақытта өндірісті ұлғайтып, экспорттық мүмкіндіктерді кеңінен қолдануды көздейді. Қазір тәулігіне 550 тонна астық өңдейтін мекеме дайын өнімнің мың-мың жарым тоннасын ай сайын шетелге жөнелтеді.

Алмас Салықбаев, ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының орынбасары:

– Қазіргі таңда Ақтөбеде 700-ден астам шетелдік капиталдың қатысуымен мекеме жұмыс істейді. Соның әрбір екіншісі ресейлік капиталдың қатысуымен жұмыс жасап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы