389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуразиялық экономикалық одақтың құрылғанына 5 жыл толды

  • 388
  • UPD: 22:30, 27.05.2019

Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісім-шартқа қол қойылғанына биыл бес жыл.

Іргелі ұйымға мүше Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Белорусь пен Армения арасындағы тауар айналымы тек былтырдың өзінде 17 процентке артқан. Өнімдердің еркін саудалануы үшін жол картасы әзірленді. Бұл жөнінде Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян мәлім етті. 2025 жылға дейінгі меже де айқын. Атап айтсақ, газ, мұнай мен мұнай өнімдері және электр энергиясының ортақ кеңістігін құрып, қаржылық нарықты қалыптастыру мақсаты тұр. Әзірге одақты кеңейту көзделіп отырған жоқ. Міндет бес елдің байланысын нығайтып алу. Экономикалық алыс-берістегі кедергілерді жойып, бес жылда толықтай ортақ нарық құру жоспарланып отыр. Дегенмен, қазір Қытай, Иран, Мысыр, Үндістан, Израиль, Сингапур, Сербия сынды елуден астам мемлекет іргелі Одақпен қарым-қатынас орнатуға мүдделі.

Тигран Саркисян, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы:

- Бес ел арасындағы кейбір кедергілерді жою үшін біз арнайы кітап әзірледік. Ол жерде одақтағы кей проблемалар жазылады. Соған сәйкес жол картасын әзірлеп жатырмыз. Кейбір кедергілердің болуы заңдылық. Себебі әр елдің экономикасы Одақтың талаптарына сәйкестенуі қажет. Уақыт керек. Кейбір салалар бәсекеге қабілетті болмады. Тауарлар техникалық ережелерге сай келмеді. Бірақ, мұның бәрі реттеледі. 2025-ші жылға дейін ортақ нарық толық қалыптасады деген сенімдеміз.

Хабар 24 телеарнасы