382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанда Қазақстанның ұны мен етіне сұраныс жоғары

  • 139
  • UPD: 14:51, 28.05.2019

Көршілер тіпті соңғы уақытта төрт түлікті тірідей сатып алып кетіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Тұяқты малдың ішінде мүйізді ірі қара мен уақ мал бар. Өйткені Өзбекстан билігі фермерлерге бірқатар жеңілдіктер мен қолдау көрсетіп отыр. Дегенмен елдің ішкі нарығында әлі күнге дейін ет өнімдерінің бағасы жоғары. Көкөніс те біршама қымбат.

Ташкенттің орталығындағы ең үлкен базарда қазір сауда қыза түскен. Мұнда ерте пісетін жемістің неше түрі самсап тұр. Олардың сортына қарай бағасы да әртүрлі. «Әуес асқа деген көпшіліктің сұранысы да жоғары», – дейді сатушылар. Ертең диқандар алқабындағы жемістер көптеп піскен сайын баға да төмендей бермек.

Өзге елдермен салыстырғанда көктемі ерте келетін Өзбекстанда көкөніс те ертерек піседі. Қазір шығыстың қай базарын алып қарасаңыз да қырыққабаты мен қияры, мәуе ағашының жемістері самсап тұр. Қызынақтың бағасы 5 мың сумнан басталады. «Баға жеміс піскен кезде бұдан да төмендейді», – дейді сатушылар.

Барнохан Қырғызбаева, сатушы:

- 15 жылдан бері сауда жасаймын базарда. Былтырғыға қарағанда бағасы бірқатар арзан. Жауын-шашын көп болған соң жеміс мол болды. Барлығы арзан. Өзіміздің диқаншылық өнімдеріміз де бар арасында. Көпшіліктің сұранысын қанағаттандырады.

Өзбекстанда ұлттық тағамдары палаудан бастап ас мәзірінің барлық түріне ет қосылады. Онсыз тамақты елестету мүмкін емес. Оған қоса халық саны көп. Сондықтан да етке деген сұраныс жоғары. Мемлекеттік статистика комитетінің келтірген мәліметіне жүгінсек, өткен жылы ет, құс және балық өнімдерінің тұтыну бағаларының индексі 121,7 процент болды. Яғни ет 0,9 пайызға қымбаттапты. Жеміс-жидек пен көкөніс бағасы 8,3 процентке артқан. Етке жыл он екі ай сұраныс жоғары. Тек Рамазан айында сауда жүрмейді. Айт мерекесінен бастап қайта қызады. Еттің де ерекшелігі мен малдың жайылымына қарай бағасы әртүрлі. «Ал, қазақстандық етке сұраныс мүлдем жоғары», – дейді қасапшы.

Әдбіразақ Халматов, ет сатушы:

- Көрші Қазақстан Республикасындағы мал етінің дәмі әу бастан өзге елдермен салыстырғанда өзгеше болады. Бағасы 30 мыңнан 45 мың сомға дейін барады.

Насырулла Каримов, Ташкент қаласының тұрғыны:

- Рамазан айы басталғалы бері еттің нарқы аздап көтеріліп қалды. Мұның алдында аздап арзан еді.

Өзбекстан билігі фермерлерге қолдау білдіру мақсатында былтырғы жылы тіпті заңнамаларға бірнеше өзгеріс енгізді. Соның негізінде салық төмендетіліп, бірқатар төлемнен босатылды. Ал баға өсімін билік қысқы қордың таусылып, жаңа маусымдық жемістің пісу кезеңіндегі аралықтың созылуымен түсіндіреді. Оған қоса коммуналдық қызмет бағасының көтерілуі тағы бар.

Авторлары: Қанат Жүнісбеков, Тимур Исмаилов

Хабар 24 телеарнасы