389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран мен Қазақстан ортақ тауар айналымды 3 млрд долларға дейін арттырмақ

  • 287
  • UPD: 14:45, 28.05.2019

Қазақстанның ет өнімдері Иран нарығында сұранысқа ие, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Соңғы жарты жылда еліміз Тегеранға бірнеше рейс бойы Ақмоладан сиыр етін тасыды. Бұл – 2016 жылы екі тарап қол қойған ауыл шаруашылығы саласы бойынша серіктестік туралы ортақ меморандумның нәтижесі.

Қазақстаннан тасымалданатын етті қабылдау және өңдеумен 4 бірдей тегерандық ет комбинаты айналысады. Олардың айтуынша, қазақ елінің өнімдері халал стандартқа сай келеді және құрамында ГМО қоспасы болмайды. Жыл басынан бері Иран қазақстандық тауарлардың бірнеше рейсін қабылдаған. Олардың әрбірі 40-70 тонна аралығындағы балғын еттер.   

Али Шафах, ет импорттаушы:

- Қазақстаннан алғаш рет сиыр етін тасымалдағанымызда-ақ сенімді серіктес болатынын бірден білдік. Себебі өнім барлық стандартқа сай келеді. Экономикалық тұрғыдан да тиімді. Тауарды әуе көлігі арқылы жеткіземіз. Ол еттің сапасын сақтап, уақытты да үнемдейді. Бір рейсте 70 тоннаға жуық етті қабылдаймыз.

Алдағы уақытта Иран мен Қазақстан ортақ тауар айналымды 3 миллиард АҚШ долларына дейін арттыруды жоспарлап отыр. Оның басым бөлігі Тегеранға балғын ет пен ірі қара малды импорттауды құрамақ. Бүгінгде сиыр және қой еттерін тасымалдауға рұқсат беретін қажетті ветеринарлық құжаттар дайындалып жатыр.

Мохаммад Ансари Тарги, кәсіпкер:

- Қазақстаннан ет тасымалдау Иранның ішкі нарығына серпіліс берді. Себебі ирандық ет қымбат. Оны кез келген тұрғын сатып ала бермейді. Ал қазақстандық өнімдер арқылы тұтынушы таңдауға ие болады. Бәскелестік пайда болады.

Алдағы екі айда Тегеранға тағы да отандық ет өнімдері жеткізілуі керек. Сонда орта есеппен Иран жыл басынан бері 500 тонна қазақтандық етті тұтынған болады.

Авторлары: Юлия Гнатюк, Дмитрий Лукша, Махмуд Махмуди

Хабар 24 телеарнасы