382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде азық-түлік бағасы қандай?

  • 175
  • UPD: 14:45, 28.05.2019

Өткен айда Ақтөбе облысында азық-түлік 1 процентке қымбаттапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, осы жылдың сәуірінде алдыңғы аймен салыстырғанда ұн бағасы 10 процентке, ізінше нан бағасы да 5,4 процентке өскен. Макарон өнімдері – 2,8 процентке, ауыз су – 2,6, құмшекер мен спирттік ішімдіктер шамамен – 2 процентке, көкөніс – 1,4, оның ішінде қызанақ – 4 процентке, жеміс-жидек – 1,1, кофе – 1,3 және ет пен сүт өнімдері 0,3 процентке қымбаттаса, қияр, керісінше, 20 процентке арзандаған. Түркістан облысындағы баға бұрынғы құнынан өскендігі байқалады. Мәселен, жылқы еті – 1800-2000 теңге, сиыр еті – 1650, қой еті – 1600, ал сүт литрі 150 теңгеге тең. Ел бойынша ет қымбатшылығы әсіресе Шығыс пен Солтүстік Қазақстанда байқалады. Семей мен Петропавлда сиыр еті шамамен 1800 теңге тұрса, қой етінің бағасы 2000 теңгеге дейін жеткен. Атырау, Қостанай, Көкшетау қалаларында сиыр еті 1600-1700 теңгеден сатылса, қой мен жылқы еті 1800-2000 теңге аралығында саудаланып жатыр. Шымкентте қой еті 1600 теңге тұрса, сиыр етінің бағасы одан 200 теңгеге қымбатырақ. Сүт литрі – 250 теңге. Ал кеншілер мекенінде шикі сүт шамамен 30 теңгеге арзанырақ. Қарағандыда сиыр мен қой етінің бағасы шамамен 1500 теңгеге тең.

Хабар 24 телеарнасы