387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда бизнесті қаржыландыру шарттары жеңілдейді

  • 412
  • UPD: 14:41, 28.05.2019

Елбасы пәрменімен жүзеге асып жатқан «қарапайым заттар экономикасы» жобасының шаттары жеңілдемек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел үкіметі аталған жобаны дамытудың жаңа тетіктерін бекітті. Бірінші кезекте тауарлар тізімін кеңейтіп, кәсіпкерлерге берілетін несиенің пайыздық мөлшерлемесін төмендету көзделген. Қазір халық жиі тұтынатын 250 отандық тауар түрі бар. Алдағы уақытта олардың саны  ұлғайтылмақ. Одан бөлек, екінші деңгейлі банктер кәсіпкерлерге несені 9 процентпен емес, енді 6 процентпен үлестіретін болады. Осының арқасында 150-ден аса кәсіпорынды қаржыландыру жоспарланған. Олардың жобасына шамамен 270 млрд теңге жұмсалады. Есесіне 10 мың жаңа жұмыс орны құрылып, салық түсімі 38 млрд теңгеге артады. Кәсіпкерлердің өтініші арнайы құрылған жобалық кеңседе қаралмақ. Қазірдің өзінде 41 жобаны қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктер ақша бөлгелі жатыр.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

- Өңірлер бойынша ең белсенді бизнес – Қызылорда, Түркістан облыстарында, Шымкент қаласында, Жамбыл және Шығыс Қазақстан  облыстарында байқалады. Мәлімделген жобалардың ең аз сомасы Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында. Салалық бойынша тамақ өнеркісәбі, агроөнеркәсіп және қызмет көрсету салалары бойынша бизнестің қызығушылығы жоғары.      

Хабар 24 телеарнасы