378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Президенті Есеп комитетінің төрайымын қабылдады

  • 134
  • UPD: 17:45, 28.05.2019
Қазақстан Президенті Есеп комитетінің төрайымын қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады.

Мемлекет басшысына Есеп комитетінің жұмыстары, мемлекеттік аудит жүйесінің ахуалы, сондай-ақ, қазіргі тексерістердің алдын ала қорытындылары жөнінде есеп берілді.

Қазақстан Президенті мемлекеттік мекемелерге жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеуде және оны мемлекеттік сараптамадан өткізуде тиімді тәсіл қажет екенін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет заңнамасын және экономикалық жоспарлауды жетілдіруге, сондай-ақ, қаржы заңын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Хабар 24 телеарнасы