384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-ның ЕАЭО елдерімен тауар айналымының көлемі өсті

  • 278
  • UPD: 12:06, 29.05.2019

Батыс Қазақстан облысының барлық елдермен, соның ішінде Еуразиялық Экономикалық одақ бойынша сыртқы тауар айналымының көлемі былтыр 6,9 миллиард долларға жетіп,  27,8 процентке өсті.

Соның ішінде экспорт құрамы 6,1 миллиард АҚШ долларына тең. Көңіл көншітерлігі экспортталатын тауарлардың мөлшері артып отыр. Айта кету керек, олардың дені көрші Ресеймен тығыз іскерлік байланыс орнатқан.

Оралдағы трансформатор зауыты дайын өнімнің 95 пайызын шет мемлекеттерге экспорттайды. 2015 жылдан бері өндіріс орнында 17 200 дана трансформатор жасалған. «Өнімді өткізуде еш кедергі жоқ. Сондықтан, шет мемлекеттермен әріптестік байланысты тереңдете түсетін боламыз»,- дейді зауыт басшылары.  

Нұржан Абдуллаев, трансформатор зауытының өндірістік директоры: 

- 2018-де 7 мың дана шығарып 6 миллирадқа СНГ елдеріне артылды. Мысалға алсақ  ресей әзірбайжан армения белорусияға артылды. Ендігі осы 2019 меже жоспарымыз 10 мың дана трансформатор шығарамыз деген ойымыз бар. 00:56

Ал, әйнек өнімдерін шығаратын зауытта 121 адам еңбек етеді. Дайын өнімге еліміздің барлық аймағында сұраныс бар. 2010 жылдан бастап кәсіпорын ресей нарығын да жаулай бастады. Жаңғыртудан өткен өндірістік желілер үшін су жаңа қондырғылар сатып алынды. Осы арқылы өндіріс қуаты мен өнім сапасы арта түсті. 

Талғат Серікқалиұлы,  тілші:

-Қазір өндіріс орнында өнімнің 20 шақты түрі дайындалады. Суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын, тіпті оқ теспейтін әйнек те осында. Әсіресе, арнайы технологиялық тәсілмен шыныққан мына секілді шыныға сұраныс көп.

Александр Бардин, зауыттың инженер-технологы:

- Бұл кәдімгі құрғақ әйнек, бірақ оның жасалу технологиясы өте құпия.  Атыс тирінде ұйымдастырған сынақ кезінде өнімдеріміз автоматты қару мен мерген винотвкасының оғына төтеп берді. Мұндай материалды банктер мен әуежайларға,  сонымен қатар арнайы күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қаматамасыз ету мақсатында пайдаланады.   

Егер 2010 жылы зауыт өндірілген өнімнің тек 4 процентін ғана сыртқы нарыққа шығарса, қазір экспорт көлемі 38 процентке дейін өсті. Былтыр компания Қырғыз Республикасындағы кәсіпорындармен әріптестік байланыс орнатты. 

Ғалым Бекқалиев, облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы:

- Тауарайналым 2018 жылмен бұрнағы жылдарды салыстырғанда 27,8 пайызға өсті. Ол деген салыстырып қарағанда жылма жыл бізді деген тауарайналым өсіп келе жатыр. Жалпы бүкіл елмен салыстырғанда экспорттық көлем өсіп келе жатыр импортқа қарағанда.

Аймақта шетел инвесторларының қатысуымен жұмыс істейтін 300 ге тарта кәсіпорын бар. Экспортталатын негізгі өнімдердің қатарында шикізат түріндегі былғары, малдан алынатын  өнімдер мен отын энергетика тауарлары бар.  

Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы