389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақ-қырғыз шекарасында контрабанда өршіп тұр

  • 256
  • UPD: 11:07, 29.05.2019

Қазақстанмен арадағы шекараға тәртіп орнату керек. Қырғызстанның премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиев үкіметке осындай тапсырма берді.

Өйткені шегенделген аймақта контрабанда қылмысы көбейген. Жергілікті кәсіпкерлер есепке алынбаған тауарларды бей-берекет тасымалдап, салық төлеуден жалтаруда. Салдарынан мемлекеттік бюджетке миллиондаған қаржы жетпей қалады.

Қырғызстанның көлеңкелі экономика көлемі 24 процент құрады. Жыл сайын 160 миллиард сом, яғни 2,3 миллиард доллар мемлекеттік бюджетке жетпей, жолдан қолды болады. Үкіметтегілердің айтуынша, бұған шекарадағы тауар тасу жүйесінің  қадағаланбауы себеп. 

Мухаммедкалый Абылгазиев, ҚР премьер-министрі:

- Одаққа кіргелі, Қазақстаннан көптеген тауарларды қабылдай бастадық. Өткен жылы көршілес елден келетін импорттық өнімдерді есептеп көрдік. Үш ай ішінде бюджетке 785 миллион сом түскен. Ал нарыққа шыққан тауардың көлемі бойынша  бізге 5 миллиард сом түсуі керек еді.

Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында жүк тасымалдау екі бағыт бойынша айтарлықтай артқан. Өзара алыс-беріс көлемі де күрт өсті. Бірақ, бұл арада арсыз кәсіпкерлердің қолы жүріп тұр. Тауар тасымалдау жүйесі әлі реттелмегендіктен, шекарада жүкті заңсыз өткізу деректері көбейген. Салық төлеуден жалтарғандар, есепке алынбаған тауарларын сатып әлек. 

Чынгыз Дегенбаев, кәсіпкер:

- Біз кеденнен шыққан әрбір жүк көлігін санадық. Сосын шекараның ресми ақпарымен салыстырдық. Екі жақтың есебі екі түрлі. Үш есе айырмашылық бар. Мысалы, біздің санауымызша 70 көлік жүк тасымалдап шықса, ресми ақпарла 20-25 көлік деп көрсетілген. Бұл барып тұрған контрабанда.

Үкімет басшысы бұл олқылықтың орнын толтыруға алты ай уақыт берді. Сондай-ақ, кеден қызметкрелері контрабандалық жүктерді қатаң бақылауға алуы тиіс. Егер нәтиже болмаса, премьер-министр жауапты мамандардың жұмыстан қуылатынын айтты. Бұл мәлімдемеден соң экономика министрі өз еркімен отставкаға кетті.

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы