378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арменияның ЕАЭО-ға экспорты 1,5 млрд АҚШ долларына жетті

  • 105
  • UPD: 11:49, 29.05.2019
Арменияның ЕАЭО-ға экспорты 1,5 млрд АҚШ долларына жетті

2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда былтыр Еуразиялық «бестік» елдеріне экспортталатын армян тауарлары 20 %-ға, ал Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінен осы елге импортталатын тауар 10 пайызға өсіп 1,5 млрд АҚШ долларына дейін жетті.

Армения мемлекеттік кіріс комитетінің мәліметі осындай. Ал Қазақстанға экспорт екі есеге артып, 9 млрд 822 мың АҚШ долларын құрады. Еуразиялық Экономикалық Одақ елдері арасында Армения - жер үсті көлігімен экспортталатын тауарға кедендік декларацияны тауардың шыққан елінде ғана толтыратын жалғыз ел. Логистикадағы қиындықтарға қарамастан тауар айналымы керісінше ұлғайып барады. Мәселен, осы елдің мемлекеттік кіріс комитеті 2018 жылы Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінің нарығында жұмыс істейтін 4,5 мың кәсіпкерді тіркеді.

Мгер Мартиросян, АР МКК Кедендік бақылау басқарма басшысының орынбасары:

- Біз Еуразиялық Экономикалық Одақ елдері арасында достық қарым-қатынас орнатамыз. Шешілмейтін түйін жоқ. Қиындықтар туғанмен, алдын-ала келісіп жасалған іс-әрекеттеріміздің арқасында кез келген мәселе өз шешімін табады. Әрине, бұл жерде Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысы да оң  нәтиже беріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы