379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Еуразиядағы экономикалық интеграцияның одан ары жалғасуын жақтайды – Тоқаев

  • 157
  • UPD: 14:11, 29.05.2019
Қазақстан Еуразиядағы экономикалық интеграцияның одан ары жалғасуын жақтайды – Тоқаев

Қазақстан Еуразиядағы экономикалық интеграцияның одан ары жалғасуын жақтайды.

Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«5 жыл бұрын, 2014 жылдың 5 мамырында осы қалада Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылды. Осылайша, біздің Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өңірлік интеграциялық бірлестік құру туралы идеясы өзінің өзектілігін, қажеттілігін, дербестігін дәлелдеді және шынайы өмірдің бөлігіне айналды. ЕАЭО аясында біз қысқа ғана уақыт аралығында ынтымақтастығымыздың барлық бағыттарында таң қалаларлық нәтижелерге қол жеткіздік», - деді ҚР Президенті.

Отырысқа Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының басшысы Сооронбай Жээнбеков, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинян және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян қатысып жатыр.

 

Хабар 24 телеарнасы