384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Беларусьтегі кеден органдарының жүйесі Қазақстанда қолданылуы мүмкін

  • 122
  • UPD: 15:29, 29.05.2019

Беларусьтің кеден органдарының бірыңғай жүйесі Қазақстанда да қолданылуы мүмкін.

Аталған жүйе Беларусьте ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келеді. Және мамандардың айтуынша, ол ел экономикасына айтарлықтай пайда әкелуде. Жалпы Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде «Минск-Нұр-Сұлтан» бағытының қаншалықты маңызды екенін ескерсек, бұл бағдарламаға Қазақстан да  айтарлықтай қызығушылық тудыруы мүмкін. 

ЕЭО кеңістігінде жүк тасымалы Қазақстаннан басталады. Бұл қазақстандық кеден қызметкерлерінің одақтағы сауда жолдарында маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Себебі жүкті алғаш болып тексеретіндер де, тауардың сапасына бақылау жасайтындар да осылар. Жалпы, Қазақстан одақ аумағына қандай жүктің кіретінімен айналысса, Беларусь Еуроодақ елдеріне қандай тауардың жіберілетініне жауапты. Сондықтан да, бүгінгі таңда "Нұр-сұлтан-Минск" жолы одақ аумағындағы ең тартымды да маңызды сауда бағыттарының бірі болып отыр.

Олег Гайдукевич, Беларусь либерал-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Бұл өте маңызды жол. Егер статистикаға сүйенер болсақ, жүк тасымалы жылдан жылға артып келеді. Себебі бұл Еуроодақты Азиямен байланыстырып отырған негізгі көпір. Жалпы Еуроодаққа Азия мен ЕЭО нарығы қаншалықты маңызды екенін бәрі біледі. Себебі оған мүше елдердің барлығы одақ нарығына шығуға қызығушылық танытып отыр.

ЕЭО-ның кедендік аумағын бұдан да тартымдырақ етуге Қазақстанда кеден органдарының бірыңғай жүйесін іске қосу мүмкіндік бермек. Беларусьте аталған бағдарлама ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келеді. Оның бір тиімді тұсы, кедендік декларацияларды рәсімдеу мен көліктің шекарадан өту процесі анағұрлым жеңілдейді. 

Ирина Новикова, экономика ғылымдарының докторы:

- Бұған дейін Алматыдан шыққан көлік жолға 2 апта уақыт жұмсайтын. Енді рәсімдеу жұмыстары жеңілдетілгеннен кейін жүк тасымалына небәрі 1 апта ғана уақыт қажет.

Болжамдарға сәйкес, аталған бағдарламаны іске қосумен Қазақстан кедендік рәсімдеуден жылына 31 миллион доллар қаржы үнемдейді. Сондай-ақ, ол арқылы ЕЭО сауда серіктестерінің қызығушылығын одан әрі арттыра түсетіні де анық. Мәселен, бүгінде Қытайдан келетін жүктің 60 пайызы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Демек, одақтың шекаралық қызметі жетілдірілген сайын көрсеткіштің одан әрі өсуіне мүмкіндік тумақ.

Авторолары: Дмитрий Лукша, Константин Никаноров

Хабар 24 телеарнасы