379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дубайдағы ЭКСПО көрмесі 25 млн қонақты күтеді

  • 161
  • UPD: 23:28, 29.05.2019

Келесі жылы Дубайда өтетін дүниежүзілік көрмеге 25 миллион адам барады деген болжам бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының жиынында айтылды. Ассамблея жұмысына Қазақстан делегациясы да қатысты. Дубайда өтетін көрмеде еліміз ең үлкен павильондардың бірін орнатпақ.

Винсенте Лоссерталес, Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы:

- Астанадағы ЭКСПО көрмесі – өткенде қалған тарихи оқиға емес, бұл осы кезге дейін жалғасып келе жатқан тың жоба. Тұңғыш Президенттеріңіздің еңбегі арқасында жүзеге асқан бастама. Көрмеге қатысушылар ең алдымен оның мән-мағынасы мен мазмұнына қанығуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы