378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕАЭО елдері Н.Назарбаевтың еңбегін жоғары бағалады

  • 110
  • UPD: 10:06, 30.05.2019
ЕАЭО елдері Н.Назарбаевтың еңбегін жоғары бағалады

Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы белгілеген идеяларды одаққа мүше елдердің үкіметтері мұқият талдап, оның негізінде нақты жобалар мен бағдарламалар жасауы тиіс.

Бұл туралы «Интеграция мен даму» қоғамдық ұйымның төрағасы, Еуразиялық сарапшылар клубының үйлестірушісі Арам Сафарян мәлімдеді. Ол одаққа қатысты Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық бастамаларының өзектілігін атап өтті. Әсіресе осыдан 25 жыл бұрын Мәскеу мемлекеттік унивесритетінде жариялаған басты идеясына тоқталды. Арам Сафарянның айтуынша, бүгінде ширек ғасыр уақыт өткеннен кейін де, экономикалық одақ пен оған қатысушылардың түгелі интеграциялық идеяның қалыптасуы мен дамытудағы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін жіті түсінуі тиіс. 

Арам Сафарян, Еуразиялық сарапшылар клубының үйлестірушісі:

– Нұрсұлтан Назарбаев есімі Еуразиялық экономикалық одақтың тарихы және дамуымен тығыз байланысты. Жоғарғы Еуразиялық экономикалық Кеңестің құрметті төрағасы болып сайлануы, оның еуразиялық интеграцияға қосқан зор үлесіне осы елдер тарапынан берілген жоғары баға деп санаймын.

Хабар 24 телеарнасы