389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелдік сарапшы: ЕАЭО құруда Н. Назарбаевтың еңбегі зор

  • 333
  • UPD: 10:11, 30.05.2019

Польша кәсіпкерлері Еуразиялық экономикалық одақты құру мен дамытудағы Нұрсұлтан Назарбаевтың атқарған рөліне жоғары баға берді.

Польша-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Пётр Гузовскийдің пікірінше, Нұрсұлтан Назарбаевтың Жоғарғы Еуразиялық экономикалық Кеңестің құрметті төрағасы лауазымына тағайындалуы – оның еуразиялық интеграция үрдісіне қосқан зор еңбегінің нәтижесі. Арнамызға берген арнайы сұхбатында сарапшы осылай деді.

Пётр Гузовский, Польша-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының президенті:

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанды ақылмен басқарған саясаткер, көрші елдермен достық қарым-қатынас орнатумен қатар, олардың экономикалық дамуына өз үлесін қосты. Қазақстанда шетелдік инвесторларға барлық жағдай жасалған деп санаймын. Еуразиялық экономикалық одақ арқасында біз поляктар өз өнімдерімізді сата аламыз және сертификаттарымыз Қазақстан, Беларусь және Ресейде бірдей танылып жүр. Осының арқасында Польша тауарларының экспорты жеңілдетіп, кәсіпкерлеріміз үлкен нарыққа шықты.

Хабар 24 телеарнасы