389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат отырысы: ЕАЭО мен Қытай сауда байланысы нығаяды

  • 408
  • UPD: 13:47, 30.05.2019

Сенат отырысында екі бірдей заң жобасы қабылданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдымен депутаттар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда экономикалық, ынтымақтастық туралы заң жобасын қарады. «Бұл заңның біздер үшін тиімді тұстары көп», – деді Ұлттық Экономика министрі Руслан Дәленов өз баяндамасында. Жаңа заң жобасы одақ елдері мен Қытай арасындағы тек қана сауда-саттық емес, салалық ынтымақтастықтың нығаюына да септігін тигізетінін жеткізді. Және бұған дейін Мәжілісте қаралған Қазақстан мен Литва арасындағы сотталған адамдарды және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы да қабылданды.

Хабар 24 телеарнасы