389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар АЭА-ғы кәсіпорындар 32 млрд теңгенің өнімін экспорттады

  • 319
  • UPD: 17:25, 30.05.2019
Павлодар АЭА-ғы кәсіпорындар 32 млрд теңгенің өнімін экспорттады

«Павлодар» арнайы экономикалық аймағында орналасқан кәсіпорындар сырт елдерге 32 млрд теңгенің өнімін экспорттаған.

Отандық тауардың басым бөлігі Еуразиялық Экономикалық Одақ елдеріне жөнелтілген. Биылғы бірінші тоқсанның өзінде шетелге құны 5 миллиард теңгеден асатын өнім жөнелтілді. Әсіресе Ресейдің каустикалық сода мен хлор-сілті өндіретін кәсіпорындарынан сұраныс көп. Біздегі қыздырылған мұнай коксының да экспорттық әлеуеті жоғары. Олардың қатарын қоспалы алюминийден құйылатын автокөлік дискілері толтырып отыр. Келешекте қалайы фольгалар мен профильдер жасалады. Қазір сұйық отын өндірісіне қажет қоспалар мен химиялық реагенттер шығаратын зауыттың құрылысын бастау үшін Италияның трансұлттық компаниясымен келіссөздер жүріп жатыр. Өндіріске құйылатын инвестиция көлемі 2,5 миллиард теңге. Атап өтерлігі, «Павлодар» экономикалық аймағы қазір әлемнің 10 елімен әріптестік орнатқан.

Айбек Тұрсынғалиев,  «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы» БК басқарма төрағасы: 

- Өндірілген өнімнің 40 проценті экспортқа бағытталады. Біз жыл сайын сыртқы нарыққа шығатын өнім түрлерін арттырып отырамыз. Бүгінгі таңда 16 түрлі тауар  экспортталады. Тұтынушыларға келетін болсақ, олар  Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдер. Біздің негізгі серіктесіміз Ресей. Өйткені өнімнің 80 проценті осы елге жеткізіледі.

Хабар 24 телеарнасы