389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазпошта» франчайзинг желісін белсенді дамытып жатыр

  • 493
  • UPD: 21:35, 30.05.2019

«Қазпошта» шағын және орта бизнеске төрінен орын берді. Дәлірек айтсақ, ұлттық оператор кәсіпкерлерге өз атынан қызмет көрсетіп, пайда табуға мүмкіндік ұсынып отыр.

Қазірдің өзінде 179 франчайзер ел ішінде 226 бөлімше ашып, сәлемдемелерді, коммуналдық және салық төлемдерін қабылдап жатыр. 

Бүгінде «Қазпоштаның» ел ішінде 3 жарым мың бөлімшесі бар. Онда 23 мың адам еңбек етеді. Алайда инфрақұрылым барлық жерде жетілген деп айту қиын. Ұзын-сонар кезек мәселесі және бар. Сондықтан бұл сұрақтың шешімін табу үшін ұлттық оператор франчайзинг желісін дамытуды мықтап қолға алды. Есесіне соңғы бір жылда Қазпошта қызметі көш ілгеріледі.

Сәкен Сәрсенов, «Казпошта» АҚ Басқарма төрағасы:

- Біз қазір көп компаниямен жұмыс істейміз. Ол дәріханалар, дүкендер, кеңсе тауарларын сататын дүкендер, автосалондарда шатқы өзіміздің франчайзинг нүктелерімізді. Ауылдық орталықтарда кез келген жерде біздің нүктені ашуға болады. Және біздің атымыздан жұмыс істеуге мүмкіндік бар.

«Казпошта» бөлімшесін кез келген кәсіпкер өз кәсіпорнының жанынан ашуына болады. Яғни олар ұлттық оператордың қызметін көрсетіп, пайда табады. Сол себепті соңғы бір жылда франчайзинг тәсілімен жұмыс істейтін фирмалар көбейді. 179 кәсіпкер бүкіл республика бойынша 226 нүкте ашып үлгерді. Оның 50-і ауылды аймақтарда. Енді бұл бизнес электрондық сауданы, көлік-логистикалық сервисті һәм қаржылық қызметтерді өрге сүйреуі тиіс.

Аида Тұралиева, «Инфо-медиа» компаниясының бас директоры:

- Қазір елдер интернеттен көп тауар сатып алады. Алиэкспресс бар Қытайдан келетін, Германияның посылкалары бар. Соның көлемі көбейіп бара жатыр. Сондықтан «Қазпошта» нүктелері жетіспей жатыр. 01,53-02,12 Сондықтан «Қазпошта» фрайзаингтері қазір сол көлемнің жартысынан көбін өзіне алайын деп жатыр. Сол бойынша біз 2 мың посылка таратып жатырмыз. Біз арқылы өтеді. Қазір 4 нүктеде сол посылкаларды таратамыз.

Алдағы 3-4 жылда шағын және орта бизнес Қазақстанда тағы 1,5 мың нүкте ашып, жылына 460 млн сәлемдеме таратуға қабілетті. Ал көп еңбек көл-көсір табыс әкеледі. Қазір франчайзерлер 10 млрд теңге пайда тапса, алдағы 5 жылда олардың табысы 69 млрд теңгеге дейін еселенбек.

Авторлары: Ж.Біркенов, М.Диханбаев, А.Меделбеков

Хабар 24 телеарнасы