378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ кәсіпкері: Америкалық компаниялар Қазақстан экономикасының түрлі салаларында еңбек етуге дайын

  • 132
АҚШ кәсіпкері: Америкалық компаниялар Қазақстан экономикасының түрлі салаларында еңбек етуге дайын

Қазақстанда инвестиция тартуға арналған ұлттық компания құрылғалы бері, ел іскер азаматтарға өріс ашып, кәсіп жүргізуге қолайлы жағдай жасалды, дейді Марина Крауд.

АҚШ бизнесінің өкілі Ұлы даладағы ұтқыр тұсты біліп отыр. Бүгінде америкалық компаниялар Қазақстан экономикасының түрлі салаларында еңбек етуге дайын дейді ол. Ара ағайын іспеттес институттың құрылғаны да қазақ еліне қаржы салуға бекінгендердің қатарын өсіріпті.

Марина Крауд, АҚШ бизнесінің өкілі:

– «Kazakh Invest» – Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктерді түсіндіріп, бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін мүдделі тараптар бас қосатын ұйым. Халықаралық бизнес сарапшы ретінде айтарым, Қазақстанға қызығушылық танытқан көптеген америкалық компания бар. Бұл тұрғыда «Kazakh Invest» маңызды міндет атқаруда. Бірлескен жобалар табысты болу үшін қолайлы жағдай жасап, өзара сенім орнату қажет.

Хабар 24 телеарнасы