382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысының туристік әлеуеті артып келеді

  • 166
  • UPD: 13:35, 02.06.2019
Қызылорда облысының туристік әлеуеті артып келеді

Қызылорда облысының «Аймақты туристендіру» картасына 3 жоба еніп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол – Жаңақорған шипажайы, Байқоңыр ғарыш айлағы және Қамбаш көліндегі демалыс орны. Қамыстыбас көлдер жүйесіндегі туристік жобалар қазір Арал ауданы экономикасының негізгі саласына айналып келеді. Мәселен өткен жылғы тынығу маусымында Қамбашта орналасқан жүзге жуық кәсіпкерлік нысаннан жергілікті бюджетке 16 миллион теңге табыс түскен. Одан бөлек жүз шақты адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Жалпы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автодәлізі бойында орналасқандықтан, салқын сабатты көлдің туристік тартымдылығы артып келеді. Әлемнің төрт бұрышынан Байқоңыр ғарыш айлағына ағылған саяхатшылардың көбісі осы Қамбашқа ат басын бұрмай кетпейді. Отандық 7 туроператор бүгінде алып космодромнан бөлек Қорқыт ата кесенесі мен Қамбаш көліне де туристік бағыт ашып отыр.

Алдаберген Исаев, «Қамыстыбас» ауылшаруашылық өндірістік кооператив төрағасы:

– Бұл жерде агротуризм, этнографиялық, тарихи туризмді қозғаймыз. Ақпараттық қызметтер де көрсетіледі. Жергілікті тұрғындар атпен, түйемен, қайықпен де серуендетеді. Және көлдің ерекшелігі емдік қасиеті бар. Соған байланысты келетін адамдар, демалушылар жылдан жылға көбеюде. Болашақта ауылға газ келсе, қыстық туризмді дамытуға мүмкіндік болады

Мұхтар Оразбаев, Арал ауданының әкімі:

– Логистика тиімді, қолайлы деп айтуға болады. «БЕ-БҚ» халықаралық көлік дәлізі үстімен өтіп жатыр. Әрбір жолаушының тынығып кетуіне қолайлы жағдайлар жасалып жатыр. 2015-2016 жылы Арал ауданы үстімен Сексеуіл-Жезқазған теміржолы өтті. Осы жол қатынасы да аудан экономикасына үлкен септігін тигізуде. Туристердің де келіп, қатынауына қолайлы жағдай болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы