378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында жастардың кәсіп ашуына қосымша 39 млн теңге грант бөлінеді

  • 130
  • UPD: 13:55, 04.06.2019
Ақмола облысында жастардың кәсіп ашуына қосымша 39 млн теңге грант бөлінеді

Ақмола облысында биыл жастардың кәсіп ашуы үшін қосымша 39 млн теңге көлемінде грант бөлінеді.

«Жас кәсіпкер» деп аталатын бағдарламаға 29 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады. Бұл туралы Көкшетауда өткен «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы тақырыбындағы брифингте мәлім болды. Жалпы, аталған бағдарлама бойынша биыл аймаққа 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл қаражатқа кәсіпкерлерге несие беру, банктегі несиесінің процентін субсидиялау, сондай-ақ, өндірістік инфрақұрылымды дамыту секілді қолдаулар көрсету қарастырылған. Осылайша биыл өңірде 300-ден астам жобаға қаржылай көмек көрсетіліп, жас кәсіпкерлерге 18 қайтарымсыз грант беру жоспарланып отыр.

Жаслан Айдрахманов, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары:

- Грантты жеңіп алу үшін кәсіпкер, хабарлама таратылған уақытта өзінің бизнес жобасын біздің басқармаға алып келуі керек. Ал оларды іріктеуде жұмыстың инновациялығы ескеріледі. Яғни ондай жоба біздің өңірде болмауы тиіс. Сонан соң кәсіпкер кемінде бірнеше жұмыс орнын ұсынатын болуы керек. Ал гранттың көлемі 3 млн теңгеге дейін.

Хабар 24 телеарнасы