389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германия Қазақстан экономикасына шамамен 8 жарым млрд доллар құйған

  • 416
  • UPD: 09:05, 05.06.2019

Берлинде Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық һәм мәдени байланыстарды дамытатын ұйым өз жұмысын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы жаңа алаң Бундестаг депутаттары мен іскер қауымның өкілдерімен бірлесіп құрылған. Жуырда Берлинде ұйымның алғашқы мәжілісі өтті. Конференция «Қазақстан мен Германия: 27 жыл серіктестік» тақырыбына орайластырылды. Неміс саясаткерлері мен кәсіпкерлері қазақстандық делегациямен ауыл шаруашылығы, машина жасау және баламалы энергетика салаларындағы жобалаларды талқылады. Іскер қауым өкілдерінің айтуынша, тұрақтылық пен қолайлы инвестициялық ахуал Қазақстанды шетел инвесторлары үшін тартымды елге айналдырған. Германия еліміздің экономикасына шамамен 8 жарым миллиард доллар құйған.

Ермек Көшербаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

– Сыртқы істер министрлігіне жаңадан бір функциялар берілген. Бұл – инвестицияны тарту және экспортты ілгерілету. Сол жөнінде Елбасымыз үш мемлекетті, жалпы үлкен мемлекеттерді атады. Ол АҚШ, Жапония және Германия сияқты жоғары технология және өнеркәсібі бар елдер. Жаңадан шыққан технологияларды өз елімізге тарту қажет. Осындай платформаларда бизнес қоғаммен кездесіп, жаңа мүмкіндіктер ашылады, сол мүмкіндіктерді пайдалану керекпіз.

Кристиан Гроссе, Dekaf бас хатшысы:

– Германия мен Қазақстан арасындағы екіжақты қатынастар соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Ынтымақтастығымыздың аумағын кеңейтуге болатын әлі де көптеген сала бар. Мысалы цифрландыру мен білім беру салаларында Германияның тәжірибесі мол. Осы ұйымның көмегімен экономикалық және мәдени байланыстарымызды біз жаңа белеске шығарамыз.

Хабар 24 телеарнасы