387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұрлан Нығматулин: Бюджетті жоспарлауға жауапкершілікпен қарау керек

  • 344
  • UPD: 14:18, 05.06.2019

Бюджетті жоспарлауға жауапкершілікпен қарау керек. Себебі қазынаға жиі түзету енгізу кері нәтиже беруде.

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында спикер Нұрлан Нығматулин айтты. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің өткен жылды қорытындылауы барысында қаржының негізгі бағыттарға жұмсалғаны сөз болды. Бірақ бюджет толықтай тиімді игерілді деуге келмейді. Әсіресе, жылдың соңына қарай қаражатты қалай да өтеудің қамы жасалғаны байқалған. Отырыс барысында депутаттар да министрлік өкілдеріне нақты сұрақтарын жолдады. Бір мысал, енді кәсіп иелері салықтық мерзім өтпей тұрып, салық төлеуге міндетті емес.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, қаржы министрі:

– Бұған дейін салықтық органдар кәсіпорындардан аванстық төлем алып отырған. Біз ол үрдісті тыю мақсатында арнайы бұйрық шығардық. Заңнамада тоқсандық төлемдер де қаралған. Мәжілісте мекемелер өз қаржысын салықтық мерзім аяқталмайынша, ерте төлетпеу жайын қарадық.

Хабар 24 телеарнасы