380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Astana Business Campus Өзбекстанда стартап жобаларға байқау жариялады

  • 127
  • UPD: 14:59, 05.06.2019

Astana Business Campus инновациялық кластері Өзбекстанда ең үздік деген стартап жобаларға байқау жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Назарбаев Университеті мен АҚШ елшілігі бірлесіп қолға алған жеделдету бағдарламасы «Tech Central Asia» деп аталады. Шараға мұрындық болған Өзбекстанның Инновациялық даму министрлігі ауылшаруашылығы мен құрылыс саласына қатысты стартап жобаларға көбірек көңіл бөліп отыр. Өйткені бұл екеуіне сұраныс көп және аталмыш салаларға инновациялық жаңалықтарды көбірек ендіру қажет, дейді мамандар. Назарбаев университеті ұсынған жоба еліміздің төрт облысы мен көрші Өзбекстан, Қырғыз және Тәжікстан мемлекеттерін қамтиды. Бұл сол елдердегі жаңа стартап жобаларды іздеп тауып, оны жүзеге асыруға бағытталған. Үздіктер «Astana Business Campus» инновациялық кластерінің базасында бизнес инкубатор жобасы мен коммерцияландыру үрдісін үйренеді. Аталмыш орталық үш жылда 100-ден астам жобаны іріктеп оның 50-ін қаржыландырған.  

Айдар Жақыпов, «Назарбаев университетінің ғылыми- зерттеу және инновациялық жүйесі» жеке мекемесінің бас директоры:

– Бұл бағдарламаныңт келешегі зор. Біздің мақсат – бауырлас халқымызбен бірге жұмыс істеп, осы инновацияны дамыту.

Азимжон Назаров, Өзбекстан республикасы инновациялық даму министрінің орынбасары:

– Қазақстандық әріптестеріміздің әлеуеті өте маңызды.  Өйткені стартап жобаларды дайындау мен оған тәлімгерлік ықпал ету сынды басымдықтар бар. Яғни акселерация жасау жобаны бірлесіп жүзеге асыруға көмектесу жақтары да қарастырылған. Бизнес жобаны қалай жасау керектігі және  өз идеясын дұрыс ұсына білу сынды басымдықтар көрсетілген. Сонымен бірге жобаға болашақта инвесторлар табу жағы да қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы